Еліміздің теміржол саласында жоғары қазақстандық қамтумен 15 ірі машина құрылысы жобалары жүзеге асырылуда

СТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздің теміржол саласында жоғары қазақстандық қамтумен 15 ірі машина құрылысы жобалары жүзеге асырылуда.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы қазақстандық қамту мәселелеріне арналған республикалық кеңесте аталған компанияның басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қазақстан локомотивін шығару жылжымалы құрам өндірісінің бірінші жобаларының бірі болып табылады. Еске сала кетейік, алғашқы қазақстандық локомотив өткен жылғы желтоқсанның 7-інде жиналған болатын.

«Жинақтаудағы нормативтік көрсеткіш 27 апта. Бірінші локомотив 21 аптада жиналып шығарылды. Өндірістік жоспарға сәйкес 2010 жылы 37 тепловозды шығару көзделіп отыр. Өндіріс жобалық қуатқа 2015 жылға қарай шығады»,-деді А. Мамин.

Сонымен бірге компания басшысы Екібастұздағы жүк вагондарының бірінші кезегі биылғы жылы іске қосылатынын айтты. Өндірістің жобалық қуатына 2011 жылы жету көзделіп отыр, яғни жылына 2,5 мың вагон шығарылады. Бұл жоба аясында 200 жұмыс орындары құрылып, қазақстандық қамту үлесі 90 пайыз деңгейінде қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, кеше, наурыздың 30-ында словакиялық компаниямен Алматы вагон жөндеу зауытының базасында дизелді-рельстік құрамның өндірісі бойынша келісімге қол қойылған балатын. «Бірінші өнімді біз 2011 жылғы шілденің 1-інде шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді А. Мамин. Мұнымен қоса ҚТЖ басшысы алғашқы астық тасымалдайтын вагондар шығарылатынын, ал Атбасарда электровоздарды құрастыру жоспарланғанын ескеріп өтті.

Соңғы жаңалықтар