Еліміздің жастар ойындары аясында өткізілген жарыстан батысқазақстандық таэквондошылар олжалы оралды

ОРАЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Еліміздің жастар ойындары аясында Алматы қаласында өткізілген жарыстан батысқазақстандық таэквондошылар олжалы оралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш сайысқа Батыс Қазақстаннан сегіз спортшы қатысса, соның бесеуі жүлдегер атанды. Қуаныш Есенбаев 55 килә салмақта күміс жүлдені иеленсе, Жанбота Жаскелең (55 килә), Салтанат Имашева (59 килә), Жәмила Әуелбекова (63 киләг), Ақжол Жандауов (61 киләг) үшінші орынды еншіледі. Осылардың ішінде он үш жасар Жанбота Жаскелең болашағынан үлкен үміт күттіреді. Ол жартылай финалда республика чемпионы, Азия, әлем біріншіліктеріне қатысқан азулы қарсыласынан ғана ұтылды. Қазіргі кезде Жанботаның Испанияда оқу-жаттығу жиынына қатысу мәселесі шешілуде.
Соңғы жаңалықтар
Референдум