Елорда әкімі Астанада қаңғыбас жануарларған арналған пана ашуды ұсынды

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов кәсіпкерлерге иесіз қаңғыбас жануарларға арнап жекеменшік пана ашуды ұсынды. Бұл туралы әкім өз блогында тұрғындардың сауалдарына жауап бере отырып, хабарлады.
None
None

Атап айтқанда, Темірболат деген азамат әкімнің блогына былай деп жазады: «Неліктен біз, өзімізді өркениетті халықпыз деп санай отыра, иесіз қаңғып жүрген жануарларды көшелерде өлтіреміз, неге олар үшін пана салмаймыз, оларды ауырсындырмай ұрықсыздандырмаймыз? Солардың көзін жоюға жұмсайтын ақшаны игі іске жұмсауға болады ғой. Украинада бір жануарды ауырсындырмай ұрықсыздандыру біздің ақшамен есептегенде - 500 теңге тұрады. Мәскеудің немесе Киевтің тәжірибесін неге алмаймыз? Аудандар бойынша тұрақты өткізілетін тендерлерге сүйенсек, біз бұл мақсатқа жыл сайын 6 миллион теңге жұмсайды екенбіз».

Бұл сауалға жауап берген әкімнің айтуынша, қала бюджетінде қаңғыбас және иесіз жануарларға пана салуға қаржы қарастырылмаған. «Сондықтан да, Астананың коммуналдық шаруашылығы жүйесінде ондай мекеме пайда болады, деп уәде бере алмаймын», дейді әкім өз сөзінде.

«Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметтері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қаңғыбас жануарлар тарататын ауруларға қарсы күрес жүргізу жөніндегі жұмыстарды белгіленген нормаға сәйкес жүргізеді. Әрине, ол шараларды ізгі деп айтуға болмайды, бірақ та адамдардың, әсіресе балалардың қаңғыбас иттерден қауіпсіздіктерін қамтамасыз етудің бізде басқа мүмкіндіктері жоқ», - дейді әкім.

Осыған байланысты Т.Тасмағабетов, бұл проблеманы шешудің төмендегі жолдарын ұсынады: «Біріншіден, адамдарды жануарды асырамас бұрын, бұл мәселеден туындайтын барлық жағдайды егжей-тегжей ойлауға шақырамын. Ал егер қандай да бір себептермен олар өз жануарларын баға алмаса, онда оларды көшеге лақтыра салмай, сенімді біреулерге қамқорлыққа тапсыруға шақырамын. Екіншіден, әлем елдерінде жануарларға арналған қонақүйлер мен паналарды негізінен жеке тұлғалар немесе үкіметтік емес ұйымдар ашып жатады. Осыған байланысты, мен қала кәсіпкерлеріне Астанада жануарларға арналған жекеменшік пана ашуды ұсынамын», - деді әкім өз жауабында.

Соңғы жаңалықтар