08:38, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Елорда мәслихатының депутаттары Астана көшелерінің біріне Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің атын беру туралы павлодарлықтардың ұсыныстарын қолдады
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Елорда мәслихатының депутаттары Астананың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі көшелердің бірін Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің атымен атау туралы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің ұсынысын қолдады,

деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Философ, ақын, жазушы және қазақ фольклорының білгірі Ж.Көпеев - Баянауыл өлкесінің тумасы, көзі тірісінде Мәшһүр деген атаққа ие болған азамат. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы ағартушылық ағымның жарқын өкілі ретінде соңына мол шығармашылық мұра қалдырды.