Елорда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Метрология бойынша ғылыми-техникалық комиссиясының 42-ші отырысы өтуде
Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Шараға Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Армения, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанның метрология жөніндегі ұлттық органдарының өкілдері қатысуда.
«СХК МетрҒТК қызметіне, әсіресе, мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бөлігіне қатысу Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы халықаралық міндеттерге сәйкес техникалық регламенттер талаптарының сақталуын толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, бұзбайтын бақылау бойынша жұмыс тобының отырысы барысында ерекше қауіпті және жауапты нысандардың тетіктер, түйіндер және құрастырулар материалдарында сызаттарды, ақауларды және бұзылуларды табу әдісі талқыланады», - делінген хабарламада.
Бұзбайтын бақылау әдісі пайдалану, дайындау, жөндеу және қайта құрастыруда экономиканың көп салаларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ол нысандардың техникалық деңгейін шынайы бағалау негізінде бұзылмаған жағдайында ұстауға мүмкіндік жасайды. Бұл олардың қайта жөндеусіз немесе оның пайдалануын тоқтатусыз жүргізуге мүмкіндік береді.
«МетрҒТК аясында жүзеге асырылатын қызметтер және оның жұмыс топтары өлшем бірлігін қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйелерін дамыту бойынша келісілген шешімдерді әзірлеуде мемлекетаралық стандарттарды және басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеуде өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ және ТМД елдері аясында интеграцияны нығайтуға қажетті жағдай жасайды», - делінген хабарламада.