Елордада «АгроПродЭкспо-2009» ХІІ қазақстандық халықаралық көрме ашылды

анның 28-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Елорданың «Алатау» спорт кешенінде қазанның 28-і мен 30-ы аралығында «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің ресми қолдауымен «АгроПродЭкспо-2009» ХІІ қазақстандық халықаралық көрмесін ұйымдастырып отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Көрмеге әлемнің 12 елінен келген 200-ге жуық компания қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан, Австрия, Беларус, Италия, Испания, Канада, Қытай, Ресей, Украина, Польша мемлекеттері бар. Мамандардың назарына егін жинау және егу техникаларының, аграрлық химияның жаңа үлгілері ұсынылмақ.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2 күнге созылатын көрмеде қонақтар мен қатысушылар лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын алу жөнінде шарттарын жасасуға және осы мәселе жөнінде кәсіби кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.

Соңғы жаңалықтар