Елордада Ashyq жүйесіне кірмейтін бірқатар нысанның жұмысына тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысымен бірқатар спорттық нысанның жұмысына шектеу қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, бассейндер мен сауналардың, СПА және массаж орталықтарының жұмыс уақыты орналасқан жеріне қарамастан, 5 адамнан аспайтын топпен сабақтар өткізу арқылы жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін белгіленсін. Сенбі және жексенбі күндері аталған нысандардың жұмысына тыйым салынсын», - деп жазылған қаулыда.

Сондай-ақ, қаулы бойынша Ashyq жобасына қатыспайтын бассейндер мен сауналардың, СПА және массаж орталықтарының, пилинг және фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмысына орналасқан жеріне қарамастан, тыйым салынды.

Құжат 4 шілде күнгі сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар