Елордада «Astana Invest 2015» халықаралық инвестициялық форумы басталды (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тәуелсіздік сарайында «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форумы басталды. Форумның биылғы тақырыбы ретінде Қазақстан мен Астананың инвестициялық мүмкіндіктері талқыланады.
None
None

Форумның мақсаты - Астана қаласының әкімшілігі мен Қазақстандағы негізгі инвесторлар арасында диалог алаңын орнату. Форум тарихында алғаш рет «Қазақстандық-әмірлік бизнес форумы» ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар форум аясында «Астанада жасалған», «Smart Астана», «Астана EXPO-2017» және «Қаладағы қазіргі көлік» атты көрмелер өтіп жатыр. Форум жұмысына әлемнің отыз елінен 3 мыңнан астам делегат қатысуда. Олардың арасында әлемге әйгілі миллиардер Джим Роджерс, «fDi» журналының бас редакторы Кортни Фингар, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің авторы Ксавьер Сала-и-Мартин қатысуда. Айта кетер жайт, «fDi» журналының бас редакторы Еркін экономикалық аймағы бар қалалар рейтингінде Астана қаласына осы рейтингтің 20-шы орнын алғандығы туралы сертификат табыс етеді. Форумның басты нәтижесі ретінде Қазақстан компаниялары мен шет елдік компаниялар арасында жалпы құны 1,99 млрд доллар көлеміндегі меморандумдарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум