Елордада азаматтық және саяси құқықтарды жүзеге асыру мәртебесі талқыланды

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, Сыртқы істер министрлігі, Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы бірігіп, Қазақстандағы Нидерланды елшілігінің қолдауымен Әмбебап кезеңдік шолу ұсыныстарының орындалуына
None
None

және Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындау туралы бірінші баяндамасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Бұл ақпаратты Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметі өткен жылы басқа елдердің озық тәжірибесін ескеріп, ӘКШ ұсыныстарын жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспары жобасын әзірледі. Осы жоспар ағымдағы жылғы наурызда өткен аймақтық дөңгелек үстелдердің аясында азаматтық қоғам институттарының қатысуымен белсенді талқыланды. Іс-шаралар жоспары қабылданғаннан кейін ӘКШ ұсыныстарын уақытылы орындау үшін мемлекеттік органдардың кешенді жұмыс істейтін негізі болады.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт адам құқықтары саласындағы БҰҰ аясында қабылданған ең маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Осы халықаралық шартты Қазақстан 2005 жылы ратификациялаған болатын. Пактiге қатысушы мемлекеттер құжатта танылған құқықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар және осы құқықтарды қолдануда қол жеткiзiлген iлгерiлiк туралы баяндамаларын ұсыну мiндетіне сәйкес Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне бірінші баяндаманы ағымдағы жылғы шілдеде жолдайды.

Дөңгелек үстелде ӘКШ ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша жоспарлар, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындау бойынша мемлекеттік баяндама талқыланды. Қатысушылардың назарына ӘКШ ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша Үкіметтің іс-шаралар жоспарының жобасы және үкіметтік емес ұйымдар тарапынан түсініктемелер енгізілді.

Соңғы жаңалықтар