Елордада бизнес инкубациялау бағдарламасы аясында 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылы елордада бизнес инкубациялау бағдарламасы аясында 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.
None
None

Бұл туралы бүгін «Астана Innovations» АҚ-ның басқарушы директоры Өміржан Тәшімов мәлім етті.

«Біздің ойымызша, бұл жобаларды жүзеге асыру қаланың және толықтай алғанда ел экономикасының дамуына қосымша қарқын береді. Олар кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыруға, жаңа шағын және орта бизнес субъектілерін құруға және олардың жоғары технологиялық өнімдерді шығаруына мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, өткен жылы бағдарлама аясында 32 жоба қаралып, 3-еуі мақсатқа лайықты болмауына орай тізімнен алынып тасталған. Жалпы, келіп түскен жобаларды Дания, Швеция, Украина сынды елдерден келген білікті сарапшылары бар арнайы комиссия қарайды. Жыл басынан бері комиссия қарауына шамамен 10-ға жуық жоба келіп түскен. Қазіргі уақытта олардың талапқа сай келуі тексерілу үстінде.

 

Соңғы жаңалықтар