Елордада Бразилия классикалық музыкасының концерті өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында осы елдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фредерико Мейер бүгін елордада өтіп жатқан еліміздің балалар қоғамдық ұйымдары көшбасшыларының 22-ші слетінде айтты. Елші бұл жағымды жаңалықты алқалы жиынның ашық пікірсайысы барысында слетке қатысушылардан түскен сауалға орай мәлім етті.
Ф.Мейердің айтуынша, Қазақстандағы Бразилия елшілігі ай сайын қандай да бір мәдени іс-шараның өтуіне мұрындық болып келеді. Мәселен, өткен айда олар Бразилия киносының мәдени апталығын өткізген болатын.
«Біздің елде ұлттық спорт түрлерінің бірі ретінде бразилиялық джиу-джитсу күресі кеңінен таралған. Осы спорттық күрестің Бразилиядағы ең көрнекті спортшыларының бірі таяу арада Қазақстанға арнайы келіп, балаларға екі күн бойы тегін дәріс беретін болады», деді Елші.