Елордада Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өтеді

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - 23-24 мамыр аралығында Астана қаласында БҰҰ-ның қолдауымен Дағдарысқа қарсы Бүкіләлемдік конференциясы (ДҚБК) өтеді.
None
None

Алқалы жиынды ұйымдастыру ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы болатын. V Астана экономикалық форумында «Көшбасшылар диалогының» қатысушылары бұл ұсынысты қолдады. Аталмыш конференция барысында көптеген саяси көшбасшылар, экономика және қаржы министрлері, БҰҰ елдерінің Орталық банк төрағалары, сонымен қатар түрлі бизнес өкілдері, халықаралық және қаржы ұйымдарының басшылары бас қосады. Олар жаһандық экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра отырып, БҰҰ-ның Дағдарысқа қарсы Бүкіләлемдік жоспарының жобасын жасайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар