Елордада ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі аясында «Түрік халқының ұлы қайраткері - Ататүрік» атты іс-шара өтеді

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат- 28 сәуірде елордадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі аясында «Түрік халқының ұлы қайраткері - Ататүрік» атты іс-шара өтеді.
None
None

Бұл ақпаратты аталған орталықтың баспасөз қызметі таратып отыр.

Аталған іс-шараның мақсаты - түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты арттырып, тегі бір, діні бір, бауырлас халықтардың өзара жақындай түсуіне ықпал ету, сонымен қатар Түркия Республикасының тұңғыш Президенті, оның негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің жасаған ерліктері мен өмірлік шығармашылығынан жас ұрпаққа мол мағлұмат бере отырып, оларды ана сүтімен берілетін туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Түркия Республикасының тұңғыш Президенті, оның негізін қалаушысы, ұлт көсемі, саяси реформаторы, әскери сардары және революцияшыл мемлекет қайраткері Мұстафа Кемал Ататүрік тек өз халқының, өз елінің ғана емес, бүкіл түркі әлемінің ұлы перзенттерінің бірі. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін туған халқының жарқын болашағына, туған елінің тәуелсіздігіне, тұтастығына, бірлігіне, ана тілі мен ұлттық мәдениетінің дамуына, өркендеуіне арнады. Ататүрік қиын-қыстау кезеңде ұлт-азаттық күресін басқарып, туған елін ғасырлар бойына созылған сұлтандар әулетінің өзара қырқысынан, империалистік мемлекеттердің Түркияны бөлшектеп, әлем картасынан сызып тастау жөніндегі арам пиғылынан құтқарды. Сөйтіп, Батыс үлгісіндегі, еуропалық сипаттағы жаңа түрік мемлекетін - бүгінгі Түркия Республикасын құрды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бауырлас елдер арасында Қазақстанның түркі дүниесінде алар орны айрықша. Кезінде Ататүрк түбі бір түркі тілдес мемлекеттерін бір арнаға тоғыстырып, бейбітшілікте болуына зор үлес қосты. Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та сол бастаманы жалғыстыра отырып, елімізде түркі мемлекеттері арасындағы достықты, бейбітшілікті нығайту үшін бірнеше мекемелер ашылды. Мәселен, «Түркі академиясы», Еуразия Ұлттық университетінде «Түркі филологиясы» кафедрасы, ҚР Президенттік мәдениет орталығында «Түркі әлемі» оқу залы ашылды. Сонымен қатар Президенттік мәдениет орталығының директоры М.Жолдасбеков төрағалық ететін «Түркі тілдес ақсақалдар кеңесі» құрылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум