Елордада «Еуразия кеңістігіндегі мәдениетаралық байланыстар: тіл және тұрақтылық» атты халықаралық семинар өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін, жұма күні ҚР Президентінің Мемлекеттік басқару академиясында «Еуразия кеңістігіндегі мәдениетаралық байланыстар: тіл және тұрақтылық» атты халықаралық семинарда Қазақстанның ұлтаралық бірлігінің моделі талқыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің және ҚР Президентінің Мемлекеттік басқару академиясының этникааралық мәселесімен айналысатын ғалымдары, Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушылары, ҮЕҰ мен журналистер қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Қазақстанның ұлтаралық келісім мен төзімділікті сақтаудағы жетістіктерін талдап, Ұлттық бірлік доктринасы жобасын саралады.

Қатысушы ғалымдар семинар барысында Қазақстанның ұлтаралық қатынас саласындағы ұлы жетістіктерін жоғары бағалап, бұл тәжірибенің басқа елдерге жетпей жатқандықтарын айтты.

Шара барысында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де қолданылып жатқан «Н.Назарбаевтың қазақстандық ұлтаралық төзімділік моделі» атты оқу бағдарламасы таныстырылып, ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар