Елордада халықаралық астық конференциясы өтуде

әуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада екі күнге жалғасатын халықаралық астық конференциясы басталды.
None
None

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ -ның ресми қолдауымен өтіп жатқан жиынды «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы мен «АПК-Информ» (Украина) ақпарат агенттігі ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық конференцияның негізгі мақсаты - астық нарығындағы ағымдағы жағдайды және оның даму перспективасын талқылау. Соңғы жылдары астық дақылдарының әлем бойынша көп мөлшерде өндірілуі қазақстандық астықтың бағасының төмендеуіне және отандық астық экспортының кемуіне әкеп соққаны белгілі. Сондықтан да, еліміздегі астық нарығының негізгі ойыншылары үшін бүгінгі күні өнімді өткізудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру мәселесі өзекті болып тұр. Осы тұрғыдан алғанда, қаржы институттарының өкілдері, астық саласының шетелдік және қазақстандық сарапшылары, ірі әлемдік астық трейдерлар өкілдері, агрохолдинг басшылары қатысып отырған халықаралық конференцияның маңызы зор.

Конференция барысында ірі астық өндірушілер тарапынан алдағы жылғы егін жайына қатысты пікірлер мен болдамдар жасалып, өңдеуші компаниялар үшін іскерлік мәселелерді талқылауға кеңінен жағдай жасалады.

Солнымен бірге, алқалы жиында агроөнеркәсіп секторының өңдеуші өнеркәсібін дамуыту перспективаларын талқылау көзделіп отыр. Өйткені, бүгінгі күні Қазақстан үшін макарон өнімдерінің импорты әлі де болса жоғары көрсеткіште, нақтырақ айтқанда 16 пайыздық деңгейде болып табылады. Жиынның күн тәртібі бойынша сондай-ақ, астық логистикасы, Кедендік одақ аясында көліктік дәліздерді тиімді пайдалану, Қазақстанда биржалық сауданың көрігін қыздыру мәселелері талқыланбақ.

Тоқтала кететін жайт, астық конференциясы Қазақстанда осымен төртінші мәрте өткізіліп отыр. Ағымдағы жолы форумға қатысушы шетелдік аудиторияның аясы жылдағыдан әлдеқайда кеңейген. Мәселен, бүгінгі жиынға алыс және жақын шетелдің 16 елінен 65 компанияның делегаттары конференцияға қатысуда.

Соңғы жаңалықтар