10:23, 24 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Елордада Қазақстандағы Корея жылының жабылуына арналған биден флэш-моб акциясы өтеді
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Корей мәдени орталығының студенттері Қазақстандағы Корея жылының жабылуына арналған биден флэш-моб акциясын өткізеді.

«Астанадағы К-поп флэш-моб» акциясы бүгін кешке «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы алдындағы дөңгелек алаңда ұйымдастырылады.
Аталған орталықтың атап өтуінше, шараға шамамен 100-ге жуық адам қатысып, танымал корей әндерінің әуеніне билейтін болады. Сонымен қатар бұл шара қазақстандық жастардың корей сериалдары мен музыкасына деген қызығушылығының артып келе жатуына байланысты да ұйымдастырылған.