Елордада Кеден одағы жағдайындағы салық салу мәселелері талқыланды

Салық салу мәселелеріне арналған жиынды Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты Қаржы министрлігі салық комитетінің өкілдері мен бизнес өкілдерінің кездесуін ұйымдастыра отырып,салық жүйесі және кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелерін тікелей диалог арқылы талқылау болып табылады. Осыған орай, бизнес өкілдері мен салық комитетінің қызметкерлері Кеден одағы шеңберінде салық салу мәселелеріне арналған тақырыптың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Диалогтық алаң барысында кәсіпкерлер тарапынан Кеден одағы шеңберіндегі тауарларды әкету мен әкелуге өтініштер ұсыну мүмкіндіктері, экспорттаушылар үшін жанама салықтарға электронды түрде төлем жасау мәселелеріне қатысты нақтылау сипатындағы сауалдар қойылып, тиянақты жауаптар алынды. Бұдан бөлек, жиын барысында электрондық есеп айырысулар мәселесі, Кеден одағының қатысушылары болып табылмайтын үшінші тарапқа импорттағы жеңілдіктер, Кеден одағы шеңберіндегі салықтық жеңілдіктер туралы әңгімелер қозғалды.
«Дөңгелек үстелдің пайдасы кәсіпкерлер бірінші әрі жауапты тұлғалардан білікті құқықтық кеңестерді, өздерінде туындаған сауалдарға толыққанды жауапты ала алатын болады. Ал өз кезегінде салық органының қызметкерлері әңгіме барысында бизнестің өзекті мәселелерімен тікелей таныса алады. Бұның екі жаққа да пайдасы зор», - дейді ұйымдастырушылар.