Елордада «Орынбор-Ақмешіт-Алматы-Астана» атты сыр саңлақтарының өнер керуені өтуде

ТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елордада «Орынбор-Ақмешіт-Алматы-Астана» атты сыр саңлақтарының өнер керуені өтуде.
None
None

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай 28-29 қыркүйек күндері Астанада Қызылорда облысының мәдени және өнер күндері өтеді. Бүгін осы мәдени шараның шымылдығын ашқан облыстық мәдениет басқармасының бастығы Берік Жүсіпов: «Сырдың бойы 99,9 пайыз өзінің қазақылығын сақтаған, барша салт-дәстүрлерін бұзбауға тырысқан киелі топырақтың бірі. Елбасының өзі «Сыр - Алаштың анасы» деп бекер айтпаса керек», - деді.

Концерт барысында Сыр бойының мақтанышы Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрі, атадан келе жатқан жыраулық, жыршылық өнерді үзбей жалғастырушы жыршылар ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов және жас жыршылар Күнсұлу Түрікпенова, Нұртілек Ақтаев, сондай-ақ Испания, Америка, Беларусь, Франция, Түркия, Болгария елдерінде өткен ән байқауларында еліміздің атын әлемге паш етіп жүрген ҚР еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетованың жетекшілігіндегі балалар студиясының өнерпаздары өз өнерлерін көрмермендерге ұсынды.

Соңғы жаңалықтар