Елордада өтетін ЮНДТҰ Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясы - ұйым тарихындағы елеулі отырыс

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінде «Бас Ассамблеяның 18-ші сессиясы аясында Қазақстанға туризмді және туристік кластерді дамытуда көмек көрсету» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесуге елімізге Үкімет басшысының және Туризм және спорт министрінің шақыруымен келген БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (ЮНДТҰ) Бас хатшысы Франческо Франджиалли қатысты. Оның айтуынша, Қазақстанмен өзара қарым-қатынас басталғалы бері біршама уақыт өткен. «Осы мерзім ішінде екі үлкен жетістікке қол жеткізілді. Біріншісі, Қазақстан ЮНДТҰ жоғары органы ? құрамында 31 ел бар Атқарушы кеңестің мүшесі болды. Ал екіншісі, ұйымның Бас Ассамблеясының сессиясы биыл қазан айының 2-сі мен 9-ы аралығында Астана қаласында өтеді. Бұл ? ұйымның тарихындағы ең елеулі отырыс болатынын ерекше атап өткім келеді», - деді Ф.Франджиалли.Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың сөзіне қарағанда, Ф.Франджиалли ҚР Премьер-Министрінің Бас Ассамблеяның 18-ші сессиясына дайындық және өткізу жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалмақ. Бұл үлкен іс-шараға әлемнің 150-ден астам елдері қатысады. Бас Ассамблеяның 18-ші сессиясында жаңа Бас хатшы сайланады деп күтілуде. Ал Ф.Франджиалли аталмыш ұйымның дамуына 19 жылдан астам уақыт арнаған адам ретінде құрметті Бас хатшы атағына ұсынылмақ.
Соңғы жаңалықтар
Референдум