Елордада Ресей және Қазақстан сарапшыларының «Ұлттық көшбасшы феномені: тарих және жаңашылдық» атты халықаралық форумы өтеді

АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қарашаның 10-ы күні Астанада «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Ресей және Қазақстан сарапшыларының «Ұлттық көшбасшы феномені: тарих және жаңашылдық» атты халықаралық форумы өтеді.
None
None

Бұл жайында бүгін партияның орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында ресми өкіл Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы  сарапшылар форумы ағымдағы жылдың мамыр айында «Нұр Отан» ХДП-нің 12 съезі қарсаңында өткен болатын. Онда Қазақстанда және Ресей Федерациясында дағдарысқа қарсы бағдарламаларды сараптамалық қамтамасыз ету және идеология, ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, еуразиялық интеграция мәселелері талқыланды.

«Бұл жолғы форум аясында отандық және шетелдік саясаткерлер посткеңестік кеңістік үшін ұлттық көшбасшы феноменінің тарихи маңызы, ұлттық көшбасшы бейнесін қалыптастыру үрдісіндегі келбет, посткеңестік режимдегі саяси сабақтастық проблемаларын сөз ететін болады. Сондай-ақ Гейдар Әлиев, Ататүрік сынды көрнекті саясаткерлердің тұлғалық феномендері талқыға салынады», деп атап көрсетті О. Петерс.

Форум жұмысына Қазақстан және Ресей сарапшыларымен бірге, Қытайдан, Түркиядан, Әзірбайжаннан ғалымдар шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар