Елордада салық саласы бойынша тәжірибе алмасуға арналған семинар өтіп жатыр

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада фискалдық сарапшыларға арналған V Еуразиялық семинар өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған шараны Халықаралық салық және инвестициялық орталығы ұйымдастырып отыр. Семинар жұмысына Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов, Маастрих университетінің профессоры Сиджбрен Кноссен, Халықаралық салық және инвестициялық орталығының президенті Даниэль Витт қатысуда. Атап айтқанда онда Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Армения, Түрікменстан елдерінен келген ғалымдар мен салық саласы және экономикалық мәселелер бойынша мамандар және сарапшылар бас қосты. Семинарға салық саласындағы жетекші мамандардың қатысуы өзара тәжірибе алмасуға септігін тигізетініне тоқталған Р. Дәленов, «белгілі бір кемшіліктер және кейбір пысықталмай атқарылған шаралар бюджетке келетін салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің төмендеуіне, салық саласындағы құқық бұзушылық салдары ықтималының ұлғаюына, сондай-ақ ел экономиаксына кері әсер етуге әкелуі мүмкін. Салық саясаты, трансферттік баға қалыптастыру, қосымша құн салығы, халықаралық салық салу ? бұлар семинар аясында талқыланатын кейбір мәселелер және олардың өзектілігі бүгінде күмән тудырмайды. Осыған байланысты Қазақстан үшін салық және салық салу саласындағы тәжірибе алмасу мәселесі маңызды саналады», деді. Бұндай семинар 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұдан бұрын осындай жиындар Парижде (2008), Сингапурда (2007), сонымен қатар Дубайда (2006, 2005) ұйымдастрылған еді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум