13:24, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Елордада спортшыларымыздың Олимпиададағы нәтижелерін жедел жариялайтын баспасөз орталығы ашылды
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Спорт және дене тәрбиесі істері агенттігінің ғимаратында спортшыларымыздың Лондон Олимпиадасында көрсеткен нәтижелерін жедел жариялап отыратын баспасөз орталығы ашылды.

Баспасөз орталығында жедел ақпараттар мен фотолар дайындалып, жіберіліп отырылады. Сонымен қатар осы жерде спорт саласының мамандарымен баспасөз мәслихаттары ұйымдастырылады. Орталық интернетке қосылған компьютермен, факспен және телефон байланысымен жабдықталған.
Естеріңізге сала кетейік, ХХХ Лондон Олимпиадасында ел намысын 116 спортшы спорттың 25 түрінен қорғайтын болады.