Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлері медициналық тексеруден өтті
«Нұр Отан» ХДП-ның елордалық филиалы ұйымдастырған, Ұлы Жеңісті мерекелеуге арналған айлық аясында «Бірлік» филиалы ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының ауруханаларымен бірлесіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне арнайы барып, медициналық тексеру жүргізді.
Ардагерлердің үйінде болған, құрамында терапевт, хирург, кардиолог бар аурухана дәрігерлері қан сараптамасын алды. Медициналық тексеру қорытындысы бойынша қарттарға нақты кеңестер беріп, қажетті емдеу шараларын тағайындады.
«Өкінішке орай жылдан жылға соғысты көзімен көрген майдангерлер қатары сиреп барады. Бүгінде Ұлы жеңіске арналған шаралардың жүйелі сипатқа ие болып, мәнді өткізілгені маңызды. Біз бірде-бір ардагердің қамқорлықсыз, назарсыз қалмағанын қалаймыз», - деді «Нұр Отан» ХДП-ның «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Қайшарова.