Елордада жұмыссыз 200 адам кәсіби даярлық пен біліктілікті арттыруға жіберілді

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - «Астана қаласының 2011-2015 жылдарғы даму бағдарламасы» іс-шаралар жоспарында 900 жұмыссызды кәсіптік оқыту қарастырылған.
None
None

Биылғы жылы кәсіптік оқыту мен қайта оқытуға және біліктілігін көтеруге 200 адам жіберілді, деп хабарлады Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Аталған іс-шара еңбек нарығын жұмыс күшімен толықтыру, сондай-ақ халықты еңбекпен қамту мақсатында өткізіліп отыр.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін «Іскер» бизнес академиясы», «Нейстон», «Ақмола оқу-курстық комбинаты», «Инсар-Астана», «Оқу автоорталығы», «Отан» РҚБ, «Шаштараздар мектебі» және «Отан» РҚБ КТУО филиалы сияқты ұйымдар жұмылдырылды.

Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту мен қайта оқыту және біліктілігін көтеру 36 түрлі мамандық бойынша жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері бөлім мамандары кәсіптік оқыту бойынша 425 кеңес берген.

Сонымен қатар, жұмыссыздар үшін әлеуметтік қорғаудың қосымша іс-шаралары ретінде медициналық тексерістен өту және жол ақысы өтемақыларын төлеу қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум