Елордада жұмыссыздар үшін тегін оқыту курсына қабылдау жүруде
Астанада олар қоғамдық тамақтандандыру орындарында әкімші, С, Д, Е, санатындағы жүргізуші, такси жүргізушісі, автомобиль жөндеуші темір ұста, офис-менеджер және сату менеджері, кадр қызметінде іс жүргізуші, балташы, лифтші, жолсерік, диспетчер және өзге де мамандықтарға оқи алады. Тілек білдірушілер инженерлік графиканың әліппесін (AutoCad) байқап көру мүмкіндігіне де ие болады.
«Қазақстан азаматтары мен тарихи отандарына оралған бауырларымыз тіл үйренгісі келсе, басқармаға келіп, қазақ және ағылшын тілдерін меңгеруге мүмкіндік бар»,-делінген astana.kz сайтында.
Курстарда оқыту мамандыққа байланысты 1-ден 3 айға дейін жалғасады. Соңында сертификат беріледі. Қайта оқытылғандар бүгінде 3 мың бос жұмыс орны жинақталған Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмысқа орналаса алады.
«Тегін курсқа оқуға жазылу үшін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келу, жеткілікті. Ал құжаттардан жеке куәлік немесе төлқұжат болуы тиіс. Біз адамның зейнетақы аударымы мен жұмысын тексереміз. Ол расымен д жұмыссыз болса, тілек білдірген курсына жазып, топ толық жинақталған кезде оқуға шақырамыз», - дейді басқарма бастығының орынбасары Олжас Омар.