13:27, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Елордадағы танымал жазушылардың қатысуымен кездесу өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Ертең, сәуірдің 7-сі күні сағат 15-те елорадағы К. Байсейітова атындағы Ұлттық Опера және балет театрында «Ұраным - Алаш» атты әдеби-шығармашылық кездесу өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл мәдени шараны Астана қалалық әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырып отыр.
Аталған кездесуге елордадағы танымал жазушылар Жарылқап Бейсенбайұлы, Тұрсын Жұртбай және Жолтай Әлмашұлы қатысып, оқырмандармен жүздеседі. Осы күні аталған жазушылардың жаңа туындылары астаналық оқырмандарға таныстырылады.