19:26, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Елордалық мәдениет басқармасының қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының қатарына қосылу туралы тілектерін білдірді
СТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Серік Сабеков/ - «Нұр Отан» ХДП астаналық филиалының бірінші хатшысының орынбасары Әмірхан Рахымжанов мәдениет басқармасының қарауындағы ведомстволардың басшылығымен кездесті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Ә.Рахымжанов жалпы «Нұр Отан» ХДП-ның республика бойынша атқаратын қызметінің маңызы мен бағыттары туралы айтты.
«Оның қорытындысы бойынша осы саладағы 120 қызметкер партия қатарында болуға тілек білдірді», - делінген таратылған ақпаратта.
Білім, әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау басқармалары мен тағы да басқа ведомстволарда тамыздың 18-і күні осындай кездесулер өткізу жоспарланған.