Елорданың медициналық мекемелерінде 11 партиялық бақылау қосыны жұмыс істейді

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елорданың медициналық мекемелерінде 11 партиялық бақылау қосыны құрылған.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рақымжанов «Астана қаласында бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу туралы» атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жүйесіндегі реформа үрдісіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға сәйкес берген тапсырмасына және аталған жүйенің енгізу тиімділігін мониторингілеу, медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық қызметтерді пайдаланатын азаматтармен кері байланысты орнату мақсатында Астананың денсаулық сақтау мекемелерінде 11 партиялық бақылау қосыны құрылған.

Мұндағы басты мақсат - әрбір денсаулық сақтау мекемесінде тұрақты партиялық бақылауды және енгізілген жүйенің тиімділігіне тәуесіз бағалауды ұйымдастыру, тегін кепілді медициналық көмек көрсету транспаренттілігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мекемелері қызметтерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ә.Рақымжановтың төрағалығымен өткен алқалы жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, медициналық мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар