Елші С.Нұртаев Афины және бүкіл Эллада Архиепископы ІІ Иерониммен кездесті

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Афиныда 9 қаңтарда  Елші С.Нұртаев Афины және бүкіл Эллада Архиепископы ІІ Иерониммен кездесті.
None
None

Сұхбат барысында грек әңгімелесушісі Қазақстанның конфессияаралық және ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту және үндестіру салаларындағы жетістіктері туралы ақпараттандырылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Грек тарапы осы бағыттардағы еліміздің табыстарын оңды қабылдап, барлық діндердің, этникалық топтардың, халықтар мен ұлттардың тең құқылығын қамтамасыз ететін қазақстандық саясатқа жоғары баға берді.

Екіжақты конфессияаралық қатынастарды мазмұндық толтыруда екі елдің өзара әрекеттестігі үшін едәуір әлеуеттің барын ескере отырып, тараптар Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезін әртүрлі дін өкілдерінің диалогы үшін алаң ретінде белсенді түрде пайдаланудың маңыздылығын баса атап өтті.

 

 

Соңғы жаңалықтар