Элтон Джон соңғы концертін берді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Музыкант Элтон Джон Отанында соңғы концертін берді. Қоштасу концерті Гластонберидегі музыкалық фестиваль аясында өткен. Концерт жексенбі күні болды, Элтонға фестиваль алаңдарының ішіндегі ең беделдісі – Pyramid Stage ұсынылған. Ол биыл Гластонбериде өнер көрсеткен соңғы әнші, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: Joel C Ryan/ Invision/ AP

Британдық БАҚ назары музыканттың өнеріне ауды. Рояльға отырған Элтон Джон өзінің хиттерінің көбін орындады. Концерт 1976 жылғы Pinball Wizard әнімен басталды. Музыкант оны 10 жылдан астам орындамаған. Содан кейін Bennie and the Jets, Goodbye Yellow Brick Road, Your Song, Candle in the Wind, Tiny Dancer (The Killers тобының солисі Брэндон Флауэрспен), I’m Still Standing, Don’t Go Breaking My Heart (әнші Рина Саваямамен) сынды хиттер орындалды. Сондай-ақ ол Don’t Let the Sun Go Down On Me-ді шырқады. Ән 1974 жылы жазылды.

1990 жылдардың басында оны британ музыканты Джордж Майкл (1963-2016) орындаған кездері хит-парадтардың алдыңғы қатарынан түспеді. Элтон Джон өнерін де соған арнады.

«Джордж Майкл ең ғажап британдық әнші, әндердің авторы және шығармашылық адамы болды. Ол менің досым еді. Тірі болғанда 60 жасқа толар еді. Сол себепті мен бұл әнді оған, оның бізге қалдырған музыкасына арнағым келеді. Бұл сен үшін, Джордж», - деді музыкант.

Концерт Rocket Man әні мен отшашумен аяқталды, ал 1970 жылдан бері Сомерсет графтығында өтетін «британ Вудстогы» ресми жабылды.


Соңғы жаңалықтар