10:07, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
Ембі-Шалқар аралығындағы жол ашылды - «Қазақавтожол» РМК
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ақтөбе облысы аумағындағы Ембі-Шалқар аралығындағы жол ашылды.
Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше сағат 23:00-ден бастап боранның салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 92-257 шақырымындағы Ембі-Шалқар аралығында барлық автокөліктердің жолға шығуына шектеу қойылған болатын. «Қазақавтожол» РМК қызметкерлері аталған жол учаскесін тазартқан соң, бүгін Астана уақытымен сағат 09:30-дан бастап автожолдағы көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырыла бастады.
Аталған өңірде ауа температурасы -15-20-ны құрап отыр. Байғанин, Шұбаркөл, Хромтау , Ембі-Шалқар аумақтарында сырма боран соғып тұр.