Ең ашық, жариялы бюджет Атырау мен Қызылорда облыстарында - зерттеу қорытындылары

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Ең ашық, жариялы бюджет Атырау мен Қызылорда облыстарында. Бұл туралы бүгін «Қазақстанда 2011 жылы ең ашық деп танылған бюджет индексі» зерттеулерінің нәтижесі бойынша өткен конференция барысында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты» үкіметтік емес ұйымының директоры Сергей Худяков мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, ел аймақтары бюджеттерінің ашықтығына байланысты зерттеу жұмыстарын «Сорос-Қазақстан» қоры Қазақстанның ұлттық бюджет желісімен және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен бірлесіп жүргізген. «Жалпы жергілікті бюджеттердің ашықтығы бюджет үдерісі тиімділігін өлшейтін ыңғайлы құрал. Сонымен қатар ол осы үдерістің ашықтық деңгейіне де баға беретін қызмет түрі. Ал біз жүргізген индекс еліміздің барлық 16 әкімшілік-аймақтық бірліктерінің 2011 жылы атқарған жұмыстары негізінде жинақталған. Жергілікті бюджеттердің ашықтығы бойынша шығарылған нәтиже 50 ұпай мен 100 ұпай аралығында есептелді. Ал бюджеттері ең ашық деп танылған Атырау мен Қызылорда облыстары 63 ұпайдан жинады», - деді үкіметтік емес ұйым директоры.    

 Алдыңғы орынға шыққан екі облыстардан кейінгі кезекте 60 ұпаймен Ақмола облысы, 57 ұпаймен Астана және Алматы қалалары тұр. Сондай-ақ 54 және 53 ұпайды тиісінше Қарағанды мен Павлодар облыстары жинаған. «Жергілікті бюджеттердің ашықтығы мен жариялылығына назар аударған себебіміз - мемлекет бюджетінің 2/3 бөлігі жергілікті бюджеттерге тиесілі. Әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік қызметтер де негізінен осы жергілікті жерлерде жүзеге асырылады», - дейді С.Худяков.

Соңғы жаңалықтар