«Ең үздік авторлық бағдарлама» - Павлодар облысы педагогтарының конкурсы

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жұма, қыркүйектің 10-ы күні мемлекеттік тілде сабақ беретін Павлодардағы «Жас дарын» мамандандырылған жалпы білім беретін мектепте педагогтар арасындағы «Ең үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық сатысы өтеді, деп хабарлады «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталықта.
None
None

Ең үздік авторлық бағдарламалар әр түрлі бағыттар бойынша, атап айтқанда бастауыш мектеп, психологиялық қызмет, жаратылыс ғылымдары мен физика-математикалық пәндер, жалпы-гуманитарлық және эстетикалық пәндер бойынша анықталады.

«Ертіс дарыны» орталығында аталып өтілгендей, байқаудың мақсаты - мұғалімдердің инновациялық-педагогикалық қызметін дамыту мен талантты, шығармашылыққа жақын мұғалімдерге қолдау білдіру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар