Еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлері ҚКХП-ның Ақмола облыстық комитетінен 200-ден астам жаңажылдық құттықтау хаттарын алды
Мәселен, 29 желтоқсан күні ҚКХП Шығыс Қазақстан обкомының сайлауалды штабы Меновное ауылында үгіт концертін ұйымдастырды, онда қазақ және орыс тілдеріндегі әндер, түрлі жанрлардағы музыкалық туындылар шырқалды. Концерт кезінде мұндағы адамдарға ҚКХП-ның үгіттік өнімдері таратылды. ҚКХП ОК-нің хатшысы Владислав Косарев концерттен кейін ауыл тұрғындарымен әңгімелесті.
30 желтоқсан күні Өскемен қаласында ҚКХП-ның ШҚО-дағы облыстық комитетінің еріктілері «Самал» шағын ауданында (әуежай) баспа-үгіт материалдарын таратты. Шағын ауданның тұрғындары еріктілермен әңгімелесіп, партия қызметіне және оның сайлауалды тұғырнамасына қатысты сұрақтар қойды.
Сол күні Шымкент қаласында обыстық және қалалық мәслихаттарға депутаттыққа үміткерлер М.Сейдалина мен Н.Қадырқұлованың музыкалық колледж ұжымымен кездесуі өтті.
31 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстанның халық коммунистері флэшмоб ұйымдастырды. Олар қалалықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтау үшін Шымкенттің бас алаңына шықты.
31 желтоқсан күні Петропавл көшелеріне коммунист-Аяз Ата шықты. Сүйікті кейіпкер ретінде партия бөлімшесінің бірінші хатшысы Дәукен Темірбаев шықты. «Мен, коммунист-Аяз Ата, сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Үйлеріңізге амандық, тыныштық және жайлылық толсын!» деп құттықтады ол өтіп бара жатқан адамдарды.
30 желтоқсанда Көкшетау қаласы мен облыстың партия және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері ҚКХП-ның Ақмола облыстық комитетінің атынан екі жүзден астам құттықтау хаттарын алды. Құттықтау сөздері егде жастағы адамдардың жүрегіне жылы тиді. Олардың арасында - аспаптар жасау зауытында, Көкшетауқұрылыстресте, темір-бетон өнімдері, үй құрылысы комбинатында және басқа кәсіпорындарда көп жыл жұмыс істеген адамдар бар.