Еңбек нарығындағы болжамдар жұмыссыз жастардың санын қысқартады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Еңбек нарығындағы болжамдар жұмыссыз жастардың санын қысқартады. Бұл - ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты бойынша кеңесінің Атыраудағы отырысында айтылған ұсыныстардың бірі.
None
None

«Біздің ойымызша, проблемалардың бірі еңбекпен қамту органдары, жұмыс берушілер мен оқу ордалары арасындағы байланыстың болмауына байланысты туындап отыр. Бұл жастар мен студенттер арасында кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізуге кедергі келтіреді. Біз алдағы 5 жылға еңбек нарығын болжау мүмкіндігін заңнама негізінде бекітуді ұсынамыз», - деді Атырау жастар ресурсы орталығының жетекшісі Жасұлан Бисембиев.

Қазақстанда статистикалық деректерге сәйкес, 14 пен 29 жастағы 4 млн. 376 мың 140 жас бар. Олардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5.5 пайызды құрайды. Бұл Еуроодақтан әлдеқайда төмен көрсеткіш. Мұнда жұмыссыздық деңгейі 11 пайызды құрайды.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталықтарының мәліметінше, жастар арасындағы жұмыссыздықтың негізгі себебі жұмыс тәжірибесінің болмауы (22%), одан кейін жалақының төмендігі (17%), бәсекеге қабылеттіліктің төмен болуы (10%) және тұрғылықты жер бойынша жұмыс орнының болмауымен (10%) байланысты.

Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты бойынша кеңесінің XVII сыртқы отырысының негізгі міндеті - жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар