Еңбек заңдылығын бұзып, қызметкерлеріне 38,7 млн. астам теңге қарыз болған директор қылмыстық жауапкершілікке тартылды

ОРАЛ. 2 шілде. ҚазАқпарат - «Металл бұйымдары» бірлескен кәсіпорнының директоры Анатолий Павлов Орал қалалық сотының үкімімен еңбек заңдылығын бұзған деп танылып,
None
None

ҚР ҚК 148-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған басшы 2012 жылдың мамырынан қазанына дейін қызмет бабын пайдаланып, қызметкерлеріне жалақысын төлемеген. Кәсіпорын қаржысы басқа мақсатқа жұмсалып отырған. Сөйтіп 288 қызметкерге 38 743 481 теңге көлеміне залал келтірілген.

Сот үкіміне сәйкес А. Павлов енді екі жыл бойы мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқара алмайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум