08:18, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен барады
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова біркүндік жұмыс сапарымен Ақмола облысына барады.

Сапар мақсаты -«Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуын қадағалау.
Г. Әбдіқалықова Атбасар жөндеу-механикалық зауытында, сондай-ақ «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалының электровоз жөндеу зауытында және бағдарламаның еңбек ресурстарының мобильдігін арттыру - үшінші бағытын жүзеге асыру аясында пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйлерде болады.