Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыс сапарымен Ақмола облысында жүр

Сапар барысында министр Атбасар ауданында болып, бағдарлама қатысушыларымен кездесті. 2011 жылы ауданда бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіби даярлауға 24 адам, қайта даярлауға 35 адам және 20 адам біліктілігін жетілдіруге жіберілді. Оның ішінде оқуын 49 адам аяқтап, әрі қарай Атбасар ауданының әртүрлі кәсіпорындарында жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 1,5 млн. теңге сомаға 40 адам жіберілді. Екінші бағыт бойынша 7 адам «Бизнес негіздері» бойынша оқыту курстарын аяқтады. Микрокредиттерді мал шаруашылығын дамыту үшін 3 қатысушы жалпы сомасы 7,4 млн. теңгеге шағыннесиелер алды.
Сонымен қатар министр Атбасар жөндеу механикалық зауытында, «Қамқор» ЖШС филиалының Атбасар электровоз жөндеу зауытында, «Этуаль» шаштаразында және 9 кәсіптік лицейінде болды. Кәсіптік лицейде негізгі даярлау бойынша 11 адам оқиды. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында лицей токарьларды, автослесарьдарды, электр мамандарын, аспазшыларды, автокөліктерді жөндеу шеберлерін, шаштаразшы-модельерді даярлайды. Оқуын аяқтағаннан кейін барлық қатысушылар жергілікті жұмыс орындарына қызметке орналастырылады.
Сонымен қатар бүгін Г. Әбдіхалықова бағдарламаның үшінші «Еңбек қорларының ұтқырлығын арттыру» бағытына қатысушыларға арналған 10 пәтерде болды. Атбасар ауданы бойынша сапардың соңында ведомство басшысы Тельман ауылында болды. Мұнда ол жеке кәсіпкер К. Байзақовпен кездесті. Кәсіпкер 3 млн. теңге сомасында шағыннесие алып, 26 бас ірі қара мал сатып алған. Жалпы облыста бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 13 млн. теңге бөлінді.