Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, өткен жылы министрлік өкілдеріне тұрғындардан келіп түскен арыздар мен шағымдар саны 37 мыңды құраған. Олардың 12 мыңы жеке тұлғалардан келген. Сондай-ақ шағымдардың 50 пайызы ТМД елдерінде тұрып жатқан республиканың бұрынғы тұрғындарынан келіпті. «Аталған арыздарды жіктеп қарайтын болсақ, олардың басым бөлігі зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты. Бүгінде осы мәселемен өтініш жасаған азаматтарды үш түрге жіктеуге болады. Олардың біріншісі - зейнетақы көлемі өте аз деп есептесе, екіншілері экологиялық жағынан жайсыз аймақтарда тұрады. Олар өздерінің зейнетке мерзімінен бұрын шығу жөніндегі жеңілдіктерді қайтаруды сұрайды. Ал үшінші топтағы азаматтар негізінен әскерилер», деді жауапты хатшы.
Оның айтуынша, министрлік өкілдері осы мәселелер бойынша, яғни зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде екі жылдан бері тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы жұмыстар негізінде қазір министрлік арнайы ұсыныстар дайындап отыр. Тұрғындардың зейнетақыға қатысты көтеріп отырған мәселелері бар екені рас және біз бұған зейнетақыға қатысты дайындап жатқан ұсыныстармызда оларды толықтай қамтимыз», деді Т.Дүйсенова.