Еңбекақы төлемегені үшін құрылыс компаниясының қызметі тоқтатылды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 462-бабы 3-бөліміне сәйкес айыпты деп танылған «Компания Бурлингазстрой» ЖШС-ға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, құрылыс-жөндеу жұмыстары бойынша қызметі 1 ай мерзімге тоқтатылды.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш компанияны жоспардан тыс тексеру барысында БҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының жалақы төлеуге қатысты ұйғарымының заңды талаптары орындалмағаны анықталған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар