Еңбекшілдер ауданында аз қамтылған отбасыларына 4 миллион теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді

КӨКШЕТАУ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданында жыл басынан бері аз қамтылған отбасыларға үш миллион теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы уақыт аралығында аймақта есепке алынған кедейліктен төмен деңгейде өмір сүріп жатқан 728 адам анықталып, оларға қаржылай көмек көрсетілген. Оның сыртында аз қамтылған 217 адам қамқорлыққа алынып отыр. Сонымен бірге 1 миллион теңгеден астам қаржы атаулы көмек есебінен, екі жарым миллион теңге көпбалалы отбасыларға қаржылай қолдау көрсету қарастырылған. Жыл ішінде еңбекпен қамту орталығына өтініш білдірген 44 адамның 33-ші еңбекпен қамтылса, 51-і қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз етіліп отыр. Ал 17 жас маман «АқБас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысқа орналастырылды. Ал әлеуметтік жұмыс бойынша 15 адамның өтінімі қанағаттандырылды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум