Еңбекшілдер ауданында «Жол картасын» жүзеге асыруға 36 миллион теңге қарастырылып отыр ?Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданында «Жол картасы» бағдарламасын іске асыруға орай бюджеттен 36 миллион теңге бөлініп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аудан әкімі Теміржан Хамитовтың айтуынша, инвестициялық бағдарламаны іске асыру бағытында бүгінде Үлгі-Донской ауыларалық тас жолында күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыруға 10 миллион теңге, Абай атындағы мектеп-интернаттың асханасын, бу қазандығын, спорт залын ағымдағы жөндеуге 25 миллион 827 мың теңге қарастырылған. Сонымен қатар аудан орталығында 32 пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, онда тендерде жеңіске жеткен құрылыс ұйымының мүшелерімен бірге әлеуметтік бағдарлама бойынша 7 адам жұмысқа тартылған. Ал жастар тәжірибесіне - 900 мың теңге, әлеуметтік бағдарламаға 9 миллион 180 мың теңге бөлініп отыр. 21 кәсіпорынмен келісім-шарт жасалып, 102 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл ретте жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жастарды механизатор, малшы-оператор, құс өсіруші-оператор мамандығына қайта даярлауға атсалысуда.
Соңғы жаңалықтар