Еңбекшілдер ауданында жыл басынан бері 1,5 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданында ағымдағы жылдың төрт айында бір жарым миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,5 пайызға жоғары,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы уақыт аралығында өңірдің негізгі өнеркәсіп орынының бірінен саналатын «Өркен-Атансор» кенішінде 282 тонна темір кені Теміртаудағы металлургия комбинатына жөнелтілсе, «Сага Кроик Голд Компании» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрамында алтын бар 321 мың тонна кен өндірілген. Озық технология бойынша әк өндірісін қолға алған «Алғабас Дана» серіктестігінің бүгінгі табысы 655 текше метр өнім өндіруді жүзеге асырған. Жаңа қуат көзін өндіріске енгізе бастаған «Жаңалық Голд» серіктестігінде жыл ішінде 255 тонна қорғасын қоспасы өндіріліп отыр. Өңірдің экономикалық қуатын арттыруға бағытталған «Семізбай U» серіктестігінде кен кәсіпорны және жоғары әлеуметтік талапқа сай жұмысшы қалашығы құрылысы жалғасын тауып отыр. Мұнда бүгінгі таңда 70 адам жұмыспен қамтылып, орташа айлық табыстары 85 мың теңгеден айналуда. «Байлюст» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шахталар жұмысын қалпына келтіріп, өнім өндіруді қолға алып отыр. Елорда мен өңір құрылыс алаңдарында сұранымға ие цемент шығару бағытындағы кешенді шара шешімін тауып, жылдық қуаты екі миллион тонна құрылыс материалын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Қазір мұнда 500 адам жұмыспен қамтылып, айлық еңбек ақылары 80 мың теңгеден асып отыр. Жыл ішінде елу миллион теңгенің инвестициясы игерілген.
Соңғы жаңалықтар