Еңбекшілдер ауданында жыл басынан бері кәсіпкерліктен бюджетке 207 миллион теңге құйылды

КӨКШЕТАУ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданы бойынша шағын және орта бизнес нысандарынан бюджетке ағымдағы жыл басынан бері 207 миллион теңге қаржы құйылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгінде өңірде өз несібесін кәсіпкерліктен тауып отырғандар қатары өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 пайызға артып, 4133 адамды құрап отыр. Шағын және орта бизнес саласында 3651 жеке кәсіпкер мен 548 заңды тұлға тіркелген. Олардың дені сауда-саттық саласында, тұрмыстық қызмет көрсету ісінде, ауыл шаруашылығында, қоғамдық тамақтандыру мен өңдеу кәсіпорындарында жұмыс жасайды. Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл ішінде 34 жәрмеңке өткізіліп, соның барысында 36,1 миллион теңгенің тауары сатылған.
Соңғы жаңалықтар
Референдум