Енді әр азамат дәріханалардағы бағаны бақылап, қосымша арқылы шағымдана алады
АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрлігі Қазақтелекоммен бірлесіп Naqty Onim қосымшасында цифрлық сервисті іске қосты, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
Онда әрбір азамат дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексере алады, сондай-ақ жоғары бағаларға шағымдана алады.
2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмектер міндетті таңбалаудан өтеді. Бұл пациенттерді жалғаннан қорғайды және зауыттан дәріханаға дейін толық бақылауды қамтамасыз етеді.
Таңбалаудың арқасында тегін препараттарды заңсыз сату фактілері анықталды. Бас прокуратура бірлесіп тексерулерді басталды.
Ашықтық қазірдің өзінде нәтиже беріп жатыр: фармацевтикалық сектордан түскен салық түсімдері 24%-ға өсті.
Бұдан бұрын ДСМ келесі жылы дәрі-дәрмек бағасы қымбаттай ма деген сауалға жауап берді.