Енді «Самұрық-Қазына» қоры еліміздің индустриялық-инновациялық даму үдерісімен айналысатын болады - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Самұрық-Қазына» қорының жұмысы дағдарысқа қарсы іс-шаралармен шектелмейді.
None
None

Ендігі кезекте қор еліміздің индустриялық-инновациялық даму үдерісімен айналысатын болады.  Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-сының төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» қорын біз Сингапур мен Малайзияның тәжірибесі негізінде құрған болатынбыз. Қазіргі кезде осы екі үлгінің негізінде Қазақстандағы мемлекеттік активтерді басқарудың нақты моделі қалыптасты деуге болады. Алдағы уақытта «Самұрық-Қазына» қоры дағдарысқа қарсы іс-шараларды толығымен аяқтағаннан кейін еліміздің индустриялық-инновациялық даму үдерісімен айналысатын болады. Былайша айтқанда, қор ел экономикасын диферсификациялаудың операторы болмақ», дейді Қ. Келімбетов

Соңғы жаңалықтар