Энергетика министрлігі авиакеросинге қатысты мәселеге жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе рейстері тоқтап қалатындай авиакеросиннің тапшылығы болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бүгінде авиакеросиннің қалған көлемі 23 мың тонна деңгейінде. Жиынтық қор шамамен15 күндік қажеттілікті жабуға жетеді. Жалпы, РФ Энергетика министрлігімен күнделікті негізде импортты ұйымдастыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бүгінде айдың басынан бері 18 мың тонна жеткізілді. Қазіргі кезде қосымша 8 мың тонна авиакеросин тиелетін болады. Сонымен қатар өзіміздің тараптан Шымкент зауытының өңдеу бойынша жүктемесін барынша арттырдық», - деді департамент басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, авиабазалардағы қалдықтар мен импортты және еліміздегі өндіру көлемін ескере отырып, әуе қатынастарда іркіліс болмайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Эйр Астана» әуе компаниясы Ресейден әкелінетін авиакеросиннің тоқтатылуы және Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына жабылуына байланысты әуе қатынастарында іркіліс болуы мүмкіндігі туралы мәлімдеме таратқан болатын. Кейіннен ҚР Энергетика министрлігі отын тапшылығына қатысты «Эйр Астананың» уәжі орынсыз екенін мәлімдеген еді.

 

Соңғы жаңалықтар