11:58, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Энергетика және минералдық ресурстар министрі жұмыс бабындағы сапарымен Шығыс Қазақстанда жүр
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев бүгін жұмыс бабындағы сапарымен Шығыс Қазақстанда жүр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Министр түске дейін Курчатов қаласына барады. Ондағы Ядролық технологиялар паркі мен Радиациялық қауіпсіздік институтын аралағаннан кейін кеңес өткізеді. Сауат Мыңбаевтың жұмыс бағдарламасында сондай-ақ түстен кейін Семейдегі және Өскемендегі жылу-электр орталықтарында болу, ал кешке облыстық әкімдікте салалық тақырып бойынша жұмыс кеңесін өткізу жоспарланған.