Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі еліміздің индустрияландыру картасына тағы 4 жобаны қосуды ұсынды

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі елімізді индустрияландыру картасына тағы 4 жобаны қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына дайындық шараларын қорытындылауға арналған үйлестіру кеңесінің отырысында Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш жобалардың арасында құны 13,5 миллиард теңгені құрайтын «Шардара» су-электр стансасын жаңғырту жобасы бар. Аталмыш жобаның мақсаты - еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі электр энергиясына деген зәрулікті жою. Екінші жоба 30 миллиард теңгені құрайтын «Алма» электр стансасын салуға қатысты. Жобаның мақсаты - Алматы энергия желісін энергиямен қамтамасыз ету беріктігін нығайту болып табылады. Сонымен қатар ол аймақтың энергияға деген қажеттілігін де толық қамтамасыз етеді. Бұған қоса жоба «Балқаш» электр стансасының қуатын арттырады. «Үшінші жоба «Қандыағаш» қаласындағы электр стансасы турбинасын іске қосуға қатысты. Бұл жоба да 30 миллиард теңгені құрайды. Оны қолға алудағы мақсат - Ресейден импортталатын электр энергиясына деген зәрулікті жою. Соңғы төртінші жоба «Мойнақ» су электр стансасына қуат қосумен байланысты. Оған  10 миллиард теңге жұмсалады. Аталмыш жобалардың барлығын біз жұмыс отырыстарында қарап, толықтай мақұлдадық. Сондықтан оны индустрияландыру картасына енгізуді ұсынып отырмыз», деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар