Энергия жүйесі желілері бригадалары арасында өткізілген халықаралық жарыстардың жеңімпаздары шағын автобустар алуға сертификаттарға ие болды
Бір апта бойы аталмыш полигонда Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Грузия, Тәжікстан, Беларусь, Өзбекстан мен Украинаның мамандары жоғары қуатты желілерде зардап шеккендерге дәрігерлерге дейінгі көмек көрсету, жоғары вольтты желілерде кабельдерді, аралық темір-бетон тіремелерді, оқшаулағыштарды, тетіктерді және тағы басқаларды ауыстырудан сайысқа түсті.
Сайыстар нәтижелері бойынша бірінші орынды «Талдықорғандық акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ мен «МРСК холдингі» ресейлік құрамасы бөліссе, екінші орынды Тәжікстан энергетиктері иеленді. Ал үшінші орынды қазылар алқасы беларусьтердің ұлттық энергожүйесінің тобына берді.
Барлық жеңімпаздар Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың қолынан кубоктар, грамоталар мен «ГАЗель» бригадалық шағын автобустарын алуға ақысы төленген сертификаттармен марапатталды.